$ 466.08  538.56  5.65

Астана оқушылары Сингапурда топ жарды: екі оқушы да жүлдегер атанды

Олимпиаданың халықаралық финалына қатысу арнайы шақыру негізінде жүзеге асқан.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Астана қаласындағы Smart Technological School мектебінің оқушылары Сингапурда өткен математикадан халықаралық олимпиадада жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Халықаралық білім додасына әлемнің түрлі елдерінен ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алған оқушылар қатысты. Жеңімпаздар алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Астаналық оқушылардың нәтижесі жоғары болды. Smart Technological School мектебінің 5-сынып оқушысы Әлімжан Көпеев олимпиаданың абсолютті чемпионы атанып, бірінші орын мен алтын медальді жеңіп алды. Ал мектептің тағы бір оқушысы Әлихан Мұрат үшінші орынға ие болып, қола жүлдені қанжығасына байлады.

Олимпиаданың халықаралық финалына қатысу арнайы шақыру негізінде жүзеге асқан. Байқауға ұлттық онлайн іріктеу кезеңдерінде жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар қатысты.

Сайыс тапсырмалары Сингапурдың заманауи математикалық білім беру бағдарламасына негізделген. Қатысушылардың математикалық формулаларды меңгеруімен қатар, күрделі әрі контекстік есептерді шешу, логикалық ойлау және білімін практикалық жағдайда қолдану қабілеттері бағаланды.

Айта кетейік, Smart Technological School мектебінен халықаралық финалға қатысқан екі оқушы да жүлдеге ие болды. Бұл олардың математикалық дайындығының жоғары деңгейін және халықаралық олимпиадаларға жақсы әзірлігін көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0