$ 466.08  538.56  5.65

Колумбиядағы зілзала 132 адамның өмірін қиды: 570 адам жарақат алды

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 132 адам көз жұмып, тағы 570 адам түрлі жарақат алған.

Фото: Gabriel Aponte/Getty Images
Фото: Gabriel Aponte/Getty Images

Колумбияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 132 адамға жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы CNN-ге сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, табиғи апат салдарынан кемінде 132 адам көз жұмып, тағы 570 адам түрлі жарақат алған.

Құтқару қызметтері үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жер сілкінісінен бірқатар ғимарат қираған. Зардап шеккен нысандардың қатарында Кали қаласындағы аурухананың педиатрия және неонатология бөлімшелері де бар.

Оқиғаға байланысты Колумбия билігі ел аумағында ұлттық деңгейдегі төтенше жағдай жариялады. Зардап шеккен өңірлерге әскери қызметкерлер жіберіліп, құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстарына жұмылдырылды.

Еске салайық, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 болатын қуатты жер сілкінісі тіркелген. Бұған дейін табиғи апаттан 30 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Қазір құрбандар саны бірнеше есеге өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0