$ 466.08  538.56  5.65

Олжас Бектенов бизнес нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу мерзімдерін қысқартуды және қызметтерді цифрландыруды тапсырды

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін цифрландыруды жеделдетуді және оларды көрсету үшін белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтері – инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тікелей ықпал ететін факторлардың бірі. Алайда бизнес өз нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу үшін көп уақыт жоғалтады. Мұндай қызметтерді көрсетуге қатысты өтінімдерді қарау мерзімдерін созбай, жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету қажет»,

— деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов. Ұлттық экономика министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде монополия субъектілерінің белгіленген мерзімдерді қатаң сақтай отырып, қызметтерді цифрлық форматта көрсетуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0