$ 465.74  537.23  5.62

Қостанай әкімдігі тұрғындардың мұңын естімей ме? Теміржол көпіріне апарар жол жабық

Халық өздеріне ыңғайлы инфрақұрылымды талап етеді және биліктің бұл мәселеге назар аударуын күтеді.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Қостанай қаласының тұрғындары Тобыл Арена стадионынан Достық көшесіне дейінгі аумақта, теміржол көпіріне апаратын төте жолдың жоқтығына шағымдануда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл аумақ қоршалып тасталғандықтан, жергілікті халық вокзалға жету үшін үлкен айналма жолмен жүруге мәжбүр болып отыр. Видео авторы, «ilovekostanayy» парақшасында бұл мәселені көтеріп, жағдайды көрсетті.

Тұрғындар егер мүмкіндік болса, бұл аумақта саябақ немесе сквер салып, вокзалға қауіпсіз және төте жол ашуды ұсынуда. Аталған аймақ үшін Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев тікелей жауапты.

Халық өздеріне ыңғайлы инфрақұрылымды талап етеді және биліктің бұл мәселеге назар аударуын күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0