Мұндағы су құбырларының төселгеніне 36 жыл өтсе де, әлі күнге дейін бірде-бір рет толық ауыстырылмаған.
Тараз қаласы, Жібек жолы ауданындағы 2-ші Уездная көшесіндегі №4 А, Б, В, Г көпқабатты үйлердің тұрғындары әкімдіктің әрекетсіздігіне наразы, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мұндағы су құбырларының төселгеніне 36 жыл өтсе де, әлі күнге дейін бірде-бір рет толық ауыстырылмаған. Әбден тозығы жетіп, тот басқан құбырлардың кесірінен үйлерде су қысымы мүлдем төмендеп, кей күндері тіпті тамшылап та ақпай қалады. Салдарынан жергілікті халық кір жуу, жуыну сияқты күнделікті ең қарапайым тұрмыстық қажеттілігін өтей алмай, әбден әбігерге түсуде. Тұрғындар әкімдік өкілдерінен ескірген инфрақұрылымды шұғыл тексеріп, құбырларды жаңасына ауыстыруды талап етеді. Шенеуніктердің селкеусіздігі мен салғырттығы қашанғы жалғасады және халықтың шағымы қашан шешімін таппақ?