$ 465.74  537.23  5.62

«Орын берсең де жақпайсың»: Автобустағы егде әйел мен бойжеткеннің төбелесі желіні шулатты

Куәгерлердің сөзінше, егде жастағы әйел бойжеткеннен орын беруін сұраған, ал қыз оның өтінішін орындаған.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Атышулы жанжал Қырғызстанның Бишкек қаласындағы №2 автобус ішінде орын алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, егде жастағы әйел бойжеткеннен орын беруін сұраған, ал қыз оның өтінішін орындаған. Алайда, орын босатқанына қарамастан, үлкен кісі «қазіргі жастар тәрбиесіз» деп қызға ескерту жасап, ұрыс бастаған. Сөз таласы кезінде әйел адам бірінші болып қол жұмсаған, нәтижесінде екі жолаушы арасында төбелес шыққан.

Жанжал салдарынан жас қыз егде жолаушының қабағын жарып жіберген. Оқиға орнына полиция шақырылып, қыз бөлімшеге жеткізілді, қазіргі уақытта арыз жазылып, тексеріс жүріп жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0