17.08.2026, 10:20

Меркіде жас келіншек қайтыс болды: артында сегіз айлық сәбиі қалды

Фото: Инстаграм

Бұл туралы Бексұлтан Жанәділов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жамбыл облысының Меркі ауданында жас келіншек қайтыс болып, артында сегіз айлық сәбиі қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Бексұлтан Жанәділов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, оқиға туралы заңгер Альмира Амангелдиева да ақпарат жариялаған. Марқұм қайтыс болар алдында құрбысымен мессенджер арқылы сөйлесіп, отбасындағы жағдайды баяндаған.

«Сөзінше, «Барни» шоколадын жеп қойғаны үшін күйеуінен сөз естіп қана қоймай, таяқ та жеген. Соңғы хаттарында ажырасатынын айтып, құрбысынан ақша сұрайды...», – делінген жазбада.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, отбасындағы жанжалдан кейін әйел өзіне қол жұмсаған. Автор оның өліміне қатысы бар адамдарды заң алдында жауап беруге шақырды.

«Құрғыр «Барнидің» құны 300-ақ теңге… Өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін жауапқа тартылсын!» – деп жазды ол.

Алайда қазіргі уақытта әйелдің өліміне нақты не себеп болғаны және бұл жағдайға кімнің кінәлі екені ресми түрде анықталған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта тергеу органдарының қорытындысы көрсетілмеген.