Оған құрғақ шөптің жануы себеп болды.
Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Оқиғаға құрғақ шөптің жануы себеп болған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Арыс гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында оқ-дәрі бөлшектері жарылды. Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер мен қираған нысандардың жоқ екенін мәлімдеді.
Оған құрғақ шөптің жануы себеп болды. Жарылған оқ-дәрі бұған дейін қайта өңдеуге дайындалған болатын.
Өрт ошағы оқшауланып, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеді.
"Азаматтарды желіде таратылып жатқан тексерілмеген ақпараттарға сенбеуге және тек ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырамыз", - деді Қорғаныс министрлігі өкілдері.