22.08.2026, 20:30

Талғар ауданында мейрамхана өртенді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скриншот

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында Тілендиев көшесінде орналасқан мейрамхана ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде, жалын ғимараттың толық аумағын шарпыған. Өрт кезінде мейрамханада келушілер болмаған. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен арнайы техникалары өртті сөндіру жұмыстарына жоғары шақыру деңгейімен жұмылдырылған.

112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар ғимарат ішінен сыйымдылығы 50 және 27 литр болатын екі газ баллонын, сондай-ақ 50 литрлік оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарған. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілді.