23.08.2026, 10:30

Құрылтай сайлауы: Үш сағатта 2,2 миллион адам дауыс беріп үлгерді

Фото: Асқар Ахметуллин/курсив

Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды.

Орталық сайлау коммисиясы сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруіне қатысты кезекті ақпаратын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00 – дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы келесідей:

1. Астана қаласы бойынша – 17,01%. 2. Абай облысы бойынша – 17,35%. 3. Ақмола облысы бойынша – 18,91%. 4. Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%. 5. Алматы облысы бойынша – 17,19%. 6. Атырау облысы бойынша – 18,75%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%. 8. Жамбыл облысы бойынша – 18,25%. 9. Жетісу облысы бойынша – 20,87%. 10. Қарағанды облысы бойынша – 21,06%. 11. Қостанай облысы бойынша – 17,92%. 12. Қызылорда облысы бойынша – 22,91%. 13. Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%. 14. Павлодар облысы бойынша – 15,98%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%. 16. Түркістан облысы бойынша – 20,39%. 17. Ұлытау облысы бойынша – 19,41%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%. 19. Алматы қаласы бойынша – 9,96%. 20. Шымкент қаласы бойынша – 20,39%. Жалпы, еліміз бойынша сағат 10.00-де 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 17,96 % -ын құрады.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де беріледі.