23.08.2026, 11:30

Алматыда Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров өз таңдауын жасады

Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматының Самал-2 шағынауданындағы № 382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген Михаил Шайдоров Алматының Самал-2 шағынауданындағы № 382 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Биыл спортшы мансабындағы ең биік белесті бағындырып, қысқы Олимпиада ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Ол Олимпиада тұғырының жоғары сатысына көтеріліп, Қазақстанның көк туын желбіретті.