23.08.2026, 12:20

Аида Балаева: Жаңа Конституцияның қабылдануы заңнаманы дамытудың жаңа кезеңіне жол ашады

Фото: видеодан скрин

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қолданыстағы заңдар мен заңға тәуелді актілерді соған сәйкестендіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, бұл ауқымды жұмыстың едәуір бөлігі алдағы уақытта Құрылтай және оның депутаттарымен бірлесіп жүргізіледі. Министр Мемлекет басшысы ұсынған бастамалардың ішінде салаларды одан әрі цифрландыру мен әлеуметтік саясатты дамытуды негізгі бағыттардың қатарына жатқызды. Ол барлық азаматқа тең мүмкіндік берудің айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ақпараттық және мәдени саладағы міндеттерге тоқталған Аида Балаева «Заң және тәртіп» қағидатын берік ұстану қажеттігін айтты. Оның айтуынша, жалған ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл маңызды міндеттердің бірі болып қала береді. Министр бұл ретте сенімді әрі жауапты ақпараттық орта қалыптастыруда кәсіби журналистердің рөлі ерекше екенін атап өтті.