23.08.2026, 15:30

Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады

Фото: Алматы облысының ӨСК

Қонаевта Шавкат Рахмонов Құрылтай сайлауына қатысты.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесіне келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемдік аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп жүрген спортшы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысып, азаматтық таңдауын білдірді.

Шавкат Рахмонов – халықаралық аренада Қазақстанның атын танытып жүрген танымал ММА шеберлерінің бірі. Оның жекпе-жектері әлемдік ММА жанкүйерлерінің назарында.