Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауы бойынша сағат 16:00-де қанша адам дауыс бергенін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші:
Астана қаласы бойынша – 46,38%; Абай облысы бойынша – 71,18%; Ақмола облысы бойынша – 73,69%; Ақтөбе облысы бойынша – 75,63%; Алматы облысы бойынша – 67,23%; Атырау облысы бойынша – 63,37%; Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,81%; Жамбыл облысы бойынша – 69,11%; Жетісу облысы бойынша – 77,03%; Қарағанды облысы бойынша – 70,91%; Қостанай облысы бойынша – 70,09%; Қызылорда облысы бойынша – 81,38%; Маңғыстау облысы бойынша – 65,86%; Павлодар облысы бойынша – 67,06%; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,94%; Түркістан облысы бойынша – 76,73%; Ұлытау облысы бойынша – 64,29%; Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,33%; Алматы қаласы бойынша – 36,65%; Шымкент қаласы бойынша – 67,92%.Жалпы еліміз бойынша сағат 16.00-де 8 240 336 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 65,37% құрады.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.