23.08.2026, 16:20

Шымкентте байкерлер Құрылтай сайлауына қатысты

Фото: источник

Қазақстан Республикасындағы Құрылтай депутаттарын сайлау күні Орталық стадион аумағында орналасқан №90 сайлау учаскесіне темір тұлпарларына мінген бір топ мотоциклші келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мотоқауымдастық өкілдері дауыс беруге бірге келіп, кейін мотоциклдерінен түсіп, сайлау учаскесіне кіріп, заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысты.

Бұл бастама Шымкенттегі мотоқауымдастық өкілдерінің азаматтық белсенділігінің айқын көрінісіне айналды. Олар осылайша барлық азаматтың сайлауға қатысуының маңыздылығын көрсеткісі келген. Сонымен қатар байкерлер тобының әр мүшесі осы сайлау учаскесіне тіркелген сайлаушы ретінде белгіленген тәртіпке сәйкес жеке өзі дауыс берді.

«Бұл шараның басты мақсаты – байкерлік тек мотоциклге деген әуестік емес, сонымен қатар елдің қоғамдық және азаматтық өміріне белсенді араласатын қоғамның бір бөлігі екенін көрсету», – деді мотоциклшілер.

№90 сайлау учаскесінің төрайымы Бақыткүл Налибаева аталған учаскеде 2619 сайлаушы тіркелгенін атап өтті.

«Адамдар белсенді әрі саналы түрде, жақсы көңіл-күймен келіп жатыр», – деді ол.