23.08.2026, 17:35

Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.