$ 456.88  534.64  5.47

4 адам зардап шекті: Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары барған.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz

Маңғыстауда демалыс орындарының маңындағы жолда болған ірі жол-көлік оқиғасын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Жол апаты кеше, 23 тамызда болды. Оқиға орнында түсірілген фото және видеолар жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан жеңіл көліктердің соқтығысқаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің бірі соққыдан қатты зақымданған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары барған.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының (МОКБА) мәліметінше, оқиға орнынан қабылдау бөліміне төрт адам жеткізілген.

Медициналық тексеру нәтижесінде үш науқасқа кеуде қуысының соғылуы, ал бір адамға бастың үстірт жарақаты диагнозы қойылған.

«Барлық науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында», – деп хабарлады аурухана.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0