$ 456.88  534.64  5.47

«Таңғы 5-ке дейін ұстаған»: Ленгірде бетперде кигендер әйелді аяусыз ұрып кеткен (ВИДЕО)

Олар тұрғын үйдің терезелерін сындырып, ішін астаң-кестең еткен.

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Түркістан облысының Ленгір қаласында белгісіз адамдар тұрғын үйге басып кіріп, үй иесін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға түнде болған. Бетперде киген шабуылшылар әйелді байлап, таңғы сағат 05:00-ге дейін үйде ұстаған. Олар тұрғын үйдің терезелерін сындырып, ішін астаң-кестең еткен. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскерлер ақша іздеген болуы мүмкін. Қашып кетер алдында жәбірленушінің ұялы телефонын алып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан әйелдің денесінде көптеген жарақат барын көруге болады. Қазір оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Түркістан облысының полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді тез арада ұстауға бағытталған кешенді тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – деп хабарлады ведомство.

Полицияның мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты істің басқа да мәліметтері әзірге жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0