$ 456.88  534.64  5.47

BI Group салған үйде терезе сынып, әйнек адамдардың үстіне жауды

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Астанадағы BI Group салған Garden View тұрғын үй кешенінде терезе әйнегі сынып, сынықтары көпқабатты үйдің төменгі жағына шашылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға кезінде әйнек тұрғындар жүретін аумаққа құлағаны видеодан анық көрінеді, абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиғадан кейін ғана қауіпті аумақ қоршалып, жерге түскен әйнек сынықтары тазартылған. BI Group өкілдерінің мәліметінше, мамандар ғимаратта қалған әйнек бөліктерін алып тастап, биіктегі элементтерді қауіпсіз бөлшектеу үшін арнайы техникасы бар қызметкерлерді жұмылдырған. Ал әйнектің не себепті сынғаны әзірге анықталмаған - компания тексеру нәтижесін тұрғындармен талқылайтынын мәлімдеген. Бизнес-класс санатындағы тұрғын үйде мұндай жағдайдың болуы құрылыс сапасы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақ туғызады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0