26.08.2026, 19:50

Президент Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ли Сянь Лунды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. 

 

Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лун екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерді атап өтті  

– Алғашқы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтаймын. Сіздің жетекшілігіңізбен іске асырылып жатқан ауқымды саяси реформаларды қолдаймыз. Екіжақты қарым-қатынасымыз жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілді. Қазақстан компанияларының Сингапур нарығына қызығушылығы артып келеді. Осыған байланысты келісімшарт-құқық базасы да ойдағыдай дамуда. Инвестицияларды өзара қорғау, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімдер ратификацияланды. Мұны атап өткен жөн, – деді Ли Сянь Лун.

Әңгімелесу барысында экономика, көлік-логистика, «ақылды» қалаларды дамыту, ауыл шаруашылығы, аса маңызды минералдар және туризм салаларындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасына баса мән берілді.