26.08.2026, 20:30

Партиялар Құрылтай құрамына өткен депутаттардың тізімін бекітті

Фото: ЖИ

Жалпы сайлау нәтижесінде Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ы «Әділет» партиясына тиесілі болды.

Қазақстанда жаңа Құрылтай құрамына кіретін депутаттардың партиялық тізімдері белгілі болды. 23 тамызда өткен сайлаудың қорытындысы бойынша бес партия мандаттарға ие болған еді. Енді саяси ұйымдар өз өкілдерінің тізімдерін жариялап жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Ауыл» партиясы Құрылтайдағы 10 депутатын бекітті. Партия Саяси кеңесі Бюросының 26 тамыздағы отырысында тиісті шешім қабылданған.

Партия атынан Құрылтайға:

Қайрат Айтуғанов

Шахмардан Байманов

Захира Бегалиева

Серік Егізбаев

Мұрат Иргибаев

Ажар Каджибекова

Владимир Киян

Алмас Мұхаметов

Динара Райханова

Рабиға Токсеитова өтеді.

Партия мәліметінше, мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты заң талаптары ескерілген. Бұл санаттардың бекітілген құрамдағы жиынтық үлесі 60%-ды құрайды.

«Демократиялық Respublica» партиясы Құрылтайдағы 9 депутатын анықтады.

Олар:

Бекжан Бахтыбекұлы Айтқұлов

Руслан Рашитұлы Идрисов

Мейрхат Мейрамханұлы Қасымбаев

Олжас Хайроллаұлы Құсбеков

Динара Рүстемқызы Наумова

Екатерина Сергеевна Смолякова

Нұргүл Тау

Махамбет Қабдулқайырұлы Хасенов

Айдарбек Асанұлы Қожаназаров.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Құрылтайға баратын сегіз өкілін таныстырды.

Партия тізіміне ЖСДП төрағасы, Мәжілістің VIII шақырылым депутаты Асхат Рахимжанов, партия Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов, ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрайнаш Камалова, «PANA» жобасының жетекшісі Лариса Ли, елордалық филиалдың экологиялық саясат мәселелері жөніндегі сарапшысы Аслан Құлмағамбетов, ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлермен жұмыс департаментінің директоры Арман Ақылбай, партия жастар қанатының жетекшісі Наурыз Сайлаубай және Мәжілістің VIII шақырылым депутаты Ажар Сағандықова енді.

«Ақ жол» партиясы да өзіне тиесілі 8 мандатты бөлді.

Құрылтайда партия атынан:

Дәурен Ахметжаев

Бақтыбек Бибаев

Дания Еспаева

Асылхан Қожахметов

Юрий Ли

Олжас Нұралдинов

Мейраш Шынасылова

Ермекқали Юсупов өкілдік етеді.

Орталық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес, 23 тамыздағы сайлауда «Ақ жол» партиясы 478 083 дауыс немесе 5,21% көрсеткіш жинаған.

Жалпы сайлау нәтижесінде Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ы «Әділет» партиясына тиесілі болды. Қалған мандаттар «Ауыл» партиясына – 10, «Respublica» партиясына – 9, «Ақ жолға» – 8 және ЖСДП-ға – 8 орыннан бөлінді.

Партиялар бекіткен кандидаттардың құжаттары Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін жолданды.