26.08.2026, 23:30

Непалда су тасқыны болып, 400-ге жуық турист жоғалып кетті

Фото: NDTV

Непал полициясы кем дегенде 17 адамның қаза тапқанын хабарлады.нан

Кенеттен болған су тасқыны Непал-Қытай шекарасына жақын жерде көшкін тудырып, салдарынан жүздеген турист із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды CNN. 

Апат салдарынан Қытай жағындағы портқа апаратын жолдарды жабылып, байланыс пен электр қуатымен қамтамасыз ету желісі бұзылды.

Шекара өткелімен жол қатынасы үзілді.

Непал полициясы кем дегенде 17 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Елдің туризм басқармасының мәлімдеуінше, кем дегенде 400 саяхатшы із-түзсіз жоғалды, олардың арасында шетелдік азаматтар бар.

Бұдан басқа, су тасқыны салдарынан Непалдың солтүстігінде салынып жатқан гидроэнергетикалық жобаның 60 жұмысшысы із-түзсіз жоғалды.

Xinhua хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Непалдағы көшкіннен кейін жоғалып кеткен адамдарды іздеу және құтқару үшін барлық күш-жігерді салуды тапсырды.

Ол Қытай қазіргі уақытта су тасқынын бақылаудың маңызды кезеңінде екенін атап өтіп, жергілікті билік органдары мен тиісті мекемелерді ең нашар сценарийлер мен төтенше жағдайларға дайындалуға, су тасқыны мен тайфунның алдын алу шараларын толық жүзеге асыруға және ықтимал тәуекелдер мен қауіптерді анықтау мен азайтуды күшейтуге шақырды.