27.08.2026, 10:20

Қазақстан мен Сауд Арабиясы әуе қатынасын кеңейтуге келісті

Фото: aqsham

Келісім аясында Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. 

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе қатынасы кеңейтіледі. Екі ел тұрақты рейстер санын аптасына 28-ден 70-ке дейін ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тиісті келісімге 26 тамызда Эр-Рияд қаласында Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасының президенті Сулейман бин Ахмед Альбассам қол қойды.

Жаңа уағдаластықтар тұрақты әуе қатынасын дамытуға, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Келісім аясында Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзге де қалалары арасындағы әуе бағыттарын көбейту көзделген.