$ 455.4  526.99  5.25

Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды

Бұл туралы сотта Фариза Сабыралиеваның адвокаты Мұхаммад Алиосман мәлімдеді.

Фото: Видеодан скрин
Фото: Видеодан скрин

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот отырысы кейінге қалдырылды. Сонымен қатар келесі процестер жабық форматта өтетін болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы сотта Фариза Сабыралиеваның адвокаты Мұхаммад Алиосман мәлімдеді. Оның айтуынша, 14 қыркүйекке жоспарланған отырыс соңғы сот процесі болуы мүмкін. Алайда бұдан былай оған журналистер қатыстырылмайды.

«14 қыркүйек соңғы сот болады, жарыссөз болды. Бүгін сот бізге енді жабық түрде өтетінін айтты. Журналистер қатыса алмайды. Адвокат ретінде мұны қолдамаймын. Себебі журналистер тарапынан қандай да бір қателік көріп отырған жоқпын», – деді қорғаушы.

Еске салайық, биыл көктемде жайдарманшы әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Сабыралиева экс-күйеуінің үстінен арыз жазған. Осыдан кейін аталған жағдай бойынша тергеу басталған.

Фаризаның айтуынша, Жақсыген оған жала жауып, өзінің және отбасының абыройына нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтқан.

Алайда сот барысында актер бұл сөздерді өзі жазбағанын айтып, тағылған айыпты мойындаудан бас тартты.

Егер сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп тапса, оған үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0