$ 455.4  526.99  5.25

6 адам қаза тапты: Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Оқиға Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында болған. Екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында екі Toyota Camry көлігі соқтығысып, алты адам көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтөбе - Астрахань тас жолының 94-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында болған. Екі Toyota Camry көлігі соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алты адам қаза тапты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Полиция қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0