$ 450.91  522.69  5.33

Екеуі де қаза тапты: Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаның үстіне құлаған

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова

Астанада 27 жастағы әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлады. Кішкентай баланың жасы 2-де еді. Оқиғадан кейін екеуі де қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатының терезесінен секірген. Ол ішінде екі жасар бала отырған арбаға құлаған. Алған жарақаттары салдарынан бала да, қыз көз жұмды», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0