$ 450.91  522.69  5.33

Ақмола облысында ТЖМ авиациясы 5 жасар баланы Көкшетауға шұғыл жеткізді

Ұшу операциясы Көкшетау – Ерейментау – Көкшетау бағыты бойынша жүзеге асырылды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақмола облысында ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағының экипажы санитариялық рейс орындап, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж кішкентай науқасты тасымалдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ұшу операциясы Көкшетау – Ерейментау – Көкшетау бағыты бойынша жүзеге асырылды. 2021 жылы туған балаға шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған.

Ұшқыштар мен медицина бригадасының жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында кішкентай азамат межелі жерге аман-есен жеткізіліп, облыстық аурухана мамандарының қарауына тапсырылды.

ТЖМ «Қазавиақұтқару» техникалары санитариялық авиация міндеттерін орындауға үнемі әзірлікте тұрады және ең шалғай, қатынау қиын өңірлерде де адам өмірін құтқару операцияларын белсенді жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0