$ 447.8  516.76  5.3

Семейде мектеп оқушысы сыныптасының 15 жерінен пышақ сұғып алған

Оған іш қуысына өткен пышақ жарақаты диагнозы қойылды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Абай облысында екі 13 жастағы сыныптастар арасында жанжал шығып, жасөспірімдердің бірі екіншісінің 15 жеріне пышақ сұғып алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға туралы зардап шеккен жасөспірімдердің бірінің туыстары айтып берген. Олардың сөзінше, 13 жастағы сыныптастар атқа мініп серуендеп, бірге ойнамақ болған. Алайда, болжам бойынша, балалардың арасында аяқастынан төбелес болған.

Оқиға салдарынан жасөспірімдердің бірі ауыр жарақат алған. Ауруханада оған бірнеше сағат бойы ота жасалған. Баланың денесінен 15-ке жуық пышақ жарақаты анықталып, көп қан жоғалтқан.

«Оған іш қуысына өткен пышақ жарақаты диагнозы қойылды. Соның салдарынан оң жақ бүйрек паренхимасы зақымдалып, көп қан кеткен. Сонымен қатар денесі мен аяқ-қолдарында бірнеше пышақ жарақаты бар, бірінші дәрежелі геморрагиялық шок тіркелді. Операция төрт сағатқа созылды. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ол балалар хирургиясы бөліміне ауыстырылды», – деді Семей университеттік госпиталінің педиатрия жөніндегі директор орынбасары Дулат Кәрімов.

Оқиғаға қатысы бар екінші жасөспірім де сол күні ауруханаға жеткізілген. Оның денесінде үш-төрт жеңіл жарақат болған.

Полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды есепке қою, сондай-ақ олардың заңды өкілдерін бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0