Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қазақ-корей дөңгелек үстелінің ашылуында адам капиталын дамытудың маңызына баса мән беретінін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Оның айтуынша, Қазақстан мен Корея университеттері 230-дан аса келісім жасасып, академиялық байланысты кеңейте түсті.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласында инвестициялық серіктестікке мүмкіндік мол деп санайды. Әсіресе, медициналық инфрақұрылым, фармацевтика, биотехнология және медициналық құрылғы өндірісі басым бағыттар ретінде аталды.
Президент сөз соңында ондаған жылдар бұрын Корея экономиканың басты салалары бойынша әлемде көш бастап, соны серпіліс жасағанына назар аударды.
— Қазір Қазақстан түбегейлі экономикалық жаңғыру кезеңіне қадам басты. Жаңа салаларды, технологияны, зерттеу әлеуеті мен адам капиталын дамытуға күш салып жатырмыз. Бүгінгі кездесу және қол қойылған келісімдер анағұрлым ауқымды серіктестікке тың серпін береді деп сенемін. Корея бизнесін Қазақстанға белсенді инвестиция құюға шақырамын. Қазақстан Үкіметі Корея кәсіпкерлерінің еліміздегі әрбір пайдалы бастамасына жан-жақты қолдау көрсетеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.