$ 447.88  516.58  5.29

Депутат: «Премьер-министрге сұрақ қоя аламыз»

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Құрылтай депутаты Айдос Сарым Премьер-министрге депутаттар сұрақ қоя алмайды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутаттың сөзінше, Құрылтай мүшелерінің Үкімет басшысына сұрақ қою мүмкіндігі сақталады.

Олар Премьер-министрге депутаттық сауал жолдап, жауап ала алады.

Сондай-ақ депутаттар бюджет есебін қарау кезінде Үкімет басшысына сауал қоя алады.

Мұндай мүмкіндік парламенттік тыңдау мен Үкімет сағатында да қарастырылған.

Айдос Сарым брифинг барысында журналистерді осы мәселеге қатысты жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Оның айтуынша, депутаттар Премьер-министрге сұрақтарын қоя алады және алдағы уақытта да қоя береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0