$ 447.88  516.58  5.29

Астанадағы түнгі дрифт жол апатымен аяқталды (ВИДЕО)

Дрифт жасап жүрген BMW жүргізушісі басқаруды жоғалтып, көшені жарықтандыратын тірекке келіп соғылған.

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінің тұрағында түні бойы көлік айдап, дрифт жасаған BMW жүргізушісі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқыс оқиға 15 қыркүйек, түнгі сағат 03:00 шамасында болған.

Қалалық Департаменттің мәліметінше, дрифт жасап жүрген BMW жүргізушісі басқаруды жоғалтып, көшені жарықтандыратын тірекке келіп соғылған.

Зардап шеккендер жоқ. Тәртіп бұзған жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0