“Мен 20 жыл үйде отырдым, ол да отырады” деді”.
Оның сөзінше, қызы диплом алғаннан кейін мамандығы бойынша еңбек етсе деген тілегі болған. Алайда құдағиы бұл ұсынысты қолдамаған.
“Диплом алғаннан кейін жұмысқа кіргізейікші деп құдағиыма айттым. Ол: “Мен 20 жыл үйде отырдым, ол да отырады” деді”, – деп еске алды Мадинаның анасы.
Оның айтуынша, құдағиы өзінің жас кезіндегі тұрмысын мысалға келтіріп, келініне ондай ауыр жұмыс істетпейтінін айтқан.
“Мен кезінде таңғы бесте тұрып, жер аударатын едім. Оған ондай жұмыс істетіп жатқан жоқпын” деді. Қызымның өзіне айтпасам да, ішімнен: “Қызым-ау, қайдан ғана мұндай отбасына тап болдың?” деп ойлайтынмын”, – деді анасы.
Сондай-ақ ол қызына сыйлаған алтын әшекейлердің тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалғанын жеткізді. Айтуынша, әшекейлер бірде несие төлеу үшін, бірде кір жуғыш машина және басқа заттар алу үшін сатылған.
Анасының сөзінше, қызы тұрған үйдегі тоңазытқыш та істемеген. Мадина туған күніне орай жаңа тоңазытқышқа тапсырыс берілгенін айтып, оның жеткізілуін күтіп жүрген.