"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді.
2026 жылғы 23 қыркүйек, сәрсенбі күні Қазақстанның шығысы, оңтүстік-шығысы және орталық өңірлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің қалған аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамынша, республика бойынша жел күшейеді.
"Түнде және таңертең елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында кей жерлерде тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.
Өрт қаупінің жоғары деңгейі Павлодар және Қарағанды облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында болжанып отыр.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Ұлытау және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары мен Абай облысының жекелеген аудандарында күтіледі.