Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыстың дауысы оқиға орнынан алыстағы аумақтардан да естілген.
Семейдегі Сосновая көшесінде орналасқан көлік жуу орнында ірі өрт шықты. Жалын жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге тараған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт салдарынан көлік жуу орнының ғимараты толығымен өртенген. Құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнында газгольдер жарылған.
Өрттің жүк көлігі мен екі жеке үйді де шарпығаны анықталды. Қазіргі уақытта мамандар өрттің нақты аумағын анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында өрт сөндіруге су үздіксіз беріліп жатыр. Құтқару жұмыстарына тартылған күштер мен техниканың әрекетін үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, жарылыстың дауысы оқиға орнынан алыстағы аумақтардан да естілген.