Түркістан облысында Төлеби және Сайрам аудандарының шекарасында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Жеңіл көлік жол талғамайтын көлікпен соқтығысқан. «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Тағы бір жолаушы аман қалып, аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметінше, жол талғамайтын көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жеңіл көлікпен соқтығысуы мүмкін. Қаза тапқандардың жасы 27 және 19-да болған.
Жантүршігерлік жол апаты жергілікті тұрғындар мен куәгерлердің айтуынша, көлік көп жүретін және қауіпті басып озу әрекеттері жиі жасалатын жол учаскесінде болған. Апаттан кейін мыжылған көліктер оқиға орнынан әкетілді. Оқиға орнында көлік бөлшектері мен сынықтары қалған.
«Бәрі жас, 20-лар шамасында, мүмкін 18 жаста. Жасөспірімдер... Менің естігенім бойынша, біреуі Қарамұрттан, біреуі Георгиевкадан», – деді куәгер Ескендір Таиров.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл учаскеде жүргізушілер жылдамдықты жиі асырып, қауіпті басып озуға әрекет етеді.
«Барлық көлік тура ұшып келе жатады. Мысалы, бүгін бір көлік жүк көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытта келе жатқан басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Осы жерге жылдамдықты шектейтін құралдар мен бақылау камераларын орнатып, заң бұзғандарға айыппұл салса екен», – деді Сайрам ауданының тұрғыны Самат Ахмеджанов.
Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.