$ 447.85  513.46  5.31

«Жол емес, сынақ алаңы»: СҚО-да ауыл арасындағы жолдың сиқы жұртты ашындырды

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Солтүстік Қазақстан облысында Соколовка мен Виноградовка ауылдарының арасындағы жолдың жағдайы жүргізушілердің наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеодан жолдың ойылып, терең іздер пайда болғанын және кей тұсының көлікпен жүруге қолайсыз күйге түскенін көруге болады. Жазба авторының айтуынша, мұндай жолмен жүру көліктің бұзылуына әкелуі мүмкін. Жергілікті тұрғындар жол сапасы туралы мәселе көтерілгенімен, ауыл арасындағы жағдайдың әлі де мәз емес екенін айтып отыр.

Соколовка мен Виноградовка Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендер қатарына кіреді.  Жолдың нақты қашан жөнделетіні туралы видеода ресми ақпарат айтылмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0