$ 447.85  513.46  5.31

Жезқазған маңындағы шахтада өрт шықты (ВИДЕО)

Бұл туралы Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ұлытау облысындағы жұмыс істемей тұрған «Оңтүстік Жезқазған» шахтасының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жер бетінде басталған өрт шахта оқпанының жерасты бөлігіндегі ағаш конструкцияларға тараған. 

22 қыркүйек сағат 13:05–те Сәтбаев қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан «Оңтүстік Жезқазған» кенішінің № 45 шахтасы аумағында копердің ағаш конструкциялары тұтанған. Бұл туралы Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 13:58–де жер бетіндегі ашық от оқшауланған. Алайда кейін өрттің шахта оқпанының жерасты бөлігіндегі ағаш конструкцияларға тарағаны анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ағаш бекітпелердің 233 метрлік бөлігінде болған.

Шахта 2025 жылдан бері пайдаланылмайды.

Оқиға орнына «Серіктес» АҚ Жезқазған авариялық-құтқару жасағының тау-кен құтқарушылары келді. Олар шахта оқпанындағы жануды тоқтату және оттегінің келуін шектеу жұмыстарын жүргізді.

Қауіпсіздік мақсатында № 65 шахтаның жұмысы тоқтатылды. Ондағы 152 адамның барлығы жер бетіне шығарылды.

Шахтадағы жағдайды бағалау үшін авариялық-құтқару жасағының және инженерлік-техникалық құрамның 25 маманы жұмылдырылды.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0