Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан банк құрылғаннан бері акционерлерінің бірі саналады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Банктің несиелері 1–1,5 пайыздық мөлшерлемемен 35 жылға дейін беріледі. Қаражат инфрақұрылым, жасыл экономика, цифрландыру және жеке сектордағы жобаларды қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Қазақстанның банктегі жазылған капиталы 330 млн доллар болса, оның 145 млн доллары төленген.