Құрылтай депутаты Мақсұт Насибулов ауылдағы мал шаруашылығына қатысты мәселені көтерді. Оның айтуынша, қазір мал бағу ауыл тұрғындары үшін тиімсіз болып барады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Депутат бұл жағдайдың бір себебін ауыл шаруашылығы жерлерінің дұрыс пайдаланылмауымен байланыстырды. Осыған байланысты ол ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жаппай ревизия жүргізу қажет екенін айтты. Мәселе бойынша депутат Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ресми сауал жолдады.
Ол жерлердің нақты қалай және кім тарапынан пайдаланылып отырғанын қайта тексеруді ұсынды.