23.09.2026, 13:30

Қазақстан жол мен энергетикаға 6 млрд долларға дейін қаржы тартпақ

Фото: Видео скриншот

Сондай-ақ «Мойынты – Қызылжар» теміржолын жаңғырту көзделіп отыр. 

Қазақстан алдағы бес жылда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен шамамен 6 млрд доллар көлемінде ұзақ мерзімді қаржы тартуды жоспарлап отыр.

Бұл қаражат көлік, энергетика, денсаулық сақтау және жасыл қаржыландыру бағытындағы жобаларға жұмсалмақ. Жоспарда «Жезқазған – Қарағанды», «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын», «Атырау – Доссор» автожолдарын дамыту қарастырылған.

Сондай-ақ «Мойынты – Қызылжар» теміржолын жаңғырту көзделіп отыр. Қаржыландыру жеңілдетілген шарттармен тартылып, елдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталмақ. Тиісті келісім күшіне енгеннен кейін тараптар нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастырады.

Тегтер: қаржы