Бұған дейін де Бесағашта жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы қауіпсіздік мәселесі ретінде көтерілген.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Бесағаш ауылында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар мәселесі көтерілді.
Бесағаш Алматы қаласымен іргелес орналасқанымен, видеодан жол жиегінің топырақ күйінде жатқанын көруге болады
Тұрғынның сөзінше, жазда бұл жер шаңға айналса, жауын-шашын кезінде лай болып, жаяу жүру қиындайды. Желіде жарияланған кадрларда адамдар арнайы тротуардың орнына тегістелмеген жол жиегімен жүріп бара жатқаны көрінеді.
Бұған дейін де Бесағашта жаяу жүргіншілер жолының жоқтығы қауіпсіздік мәселесі ретінде көтерілген. Ауыл тұрғындары жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай қашан жасалатынын сұрап отыр.