$ 445.65  508.71  5.3

30 жыл жөндеу көрмеген: Алматыда Студенттер сарайының бір бөлігі опырылды (ВИДЕО)

Оқиға Алматы қаласында болды. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға қарасты Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 23 қыркүйек күні түнгі сағат 23:00-ден кейін болған, әлеуметтік желіде тараған видеодан ғимарат маңын қалың шаң басқанын көруге болады. Университет мәліметінше, құрылысы 1985 жылы басталып, 1998 жылы аяқталған нысан шамамен 30 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген.

2023 жылғы техникалық тексеру кезінде ғимараттың тіреуіш құрылымдары, бағандары мен шатырынан бірқатар елеулі ақау анықталған. ҚазҰУ осыған байланысты Студенттер сарайын толық реконструкциялау туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Оқиға Алматы қаласында болды, Алматы республикалық маңызы бар қала болғандықтан, ешбір облыстың құрамына кірмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0