$ 445.65  508.71  5.3

Қаныш Сәтбаев университетінің проректоры Ержан Күлдеев ұсталды

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Алматыда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректоры Ержан Күлдеев ұсталды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты күдікке ілінген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды.

Ержан Күлдеев Satbayev University-дің танымал өкілдерінің бірі. Ол шамамен 40 жыл бұрын осы оқу орнына студент болып түсіп, кейін университетте қызметін жалғастырған. Оқытушылықтан бастап, түрлі басшылық қызметтер атқарып, корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор лауазымына дейін көтерілген.

Күлдеев ғылым саласында да бірқатар жетістікке ие. Ол әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, техника ғылымдарының кандидаты, профессор, академик әрі Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі.

Михаил Козачковтың мәліметінше, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Ержан Күлдеев қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған. Алдын ала ақпарат бойынша, оның әрекеті пара беру бабымен сараланып отыр. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізуде.

Сонымен қатар тергеу барысында Күлдеевке қатысты басқа да қылмыстық баптар бойынша құқықтық саралау берілуі мүмкін.

Айта кетейік, 2026 жылғы сәуірде Ержан Күлдеев ғылымдағы елеулі жетістіктері мен жоғары білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0