24.09.2026, 10:35

Алматыда су мен кәріз тартқаннан кейін жол ойран болып қалған: тұрғындар шұңқырға шағымданды

Фото: Видео скриншот

Жаңбыр жауып, қар еріген кезде шұңқырларға су жиналып, көше лай-батпаққа айналатыны да көрсетілген. 

Алматы қаласының Алатау ауданындағы Теректі шағынауданының тұрғындары Байғара көшесіндегі жолдың жағдайына шағымданды.

Тұрғынның айтуынша, 2025 жылғы қазанда бұл аумақта су құбыры мен кәріз желілерін тарту кезінде жол қазылған, алайда кейін жол жабыны тиісті деңгейде қалпына келтірілмеген. Қазір көшеде тереңдігі 50–60 сантиметрге дейін жететін шұңқырлар мен ойылған жерлер бар екені айтылған.

Жаңбыр жауып, қар еріген кезде шұңқырларға су жиналып, көше лай-батпаққа айналатыны да көрсетілген.

Алатау ауданы әкімдігінің мәліметінше, Теректіде инженерлік желілер тартылғаннан кейін жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі, биыл ауданда жаңа жолдар салу жоспарланған.

Айта кетейік, Теректі шағынауданы Алматы облысына емес, Алматы қаласының Алатау ауданына қарайды.