24.09.2026, 11:50

Халық арасында Конституцияны түсіндіру жұмысына үстірт қарауға болмайды — Президент

Фото: Ақорда

Халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу ісі бұл — өте жауапты жұмыс. Бұл туралы Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Біздің биік мақсаттарымыз, нақты жоспарларымыз бар. Оның бәрін табысты жүзеге асыру үшін бірлігімізді бекемдеп, белсенді, табанды жұмыс жүргізуіміз керек. Халық арасында Конституцияны түсіндіру, дәріптеу ісі бұл — өте жауапты жұмыс, оған үстірт қарауға болмайды, — деді Мемлекет басшысы.

Президент айтуынша, осы саяси жұмысқа ілімі терең, тәжірибесі мол адамдарды шақыру керек, яғни заңгерлер, ғалымдар, мұғалімдер, еріктілер, кәсіпкерлер, ардагерлер мен мемлекет қайраткерлерін тарту керек болады.

— Ал Президент Әкімшілігінің міндеті — бұл жұмыстың кешенді және жүйелі тұғырын қалыптастыру. Аталған міндетті жүзеге асыруды Вице-Президент Ерлан Тынымбайұлы Қаринге тапсырамын. Жұмыстың барысы туралы екі аптада бір рет Президентке тіке баяндайды, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.