$ 445.65  508.71  5.3

Ақтауда қаза тапқан әскерилердің туыстары мәйітхана алдына жиналды (ВИДЕО)

Олар марқұмдардың денесін тану рәсімін өткізуді талап етті.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтау қалалық мәйітханасының алдына Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары жиналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Олар марқұмдардың денесін тану рәсімін өткізуді талап етті.

Қазір жергілікті атқарушы органдар қаза тапқан сарбаздардың денесін тұрғылықты жерлеріне жеткізуге дайындалып жатыр. Мәйіттерді моргтен тікелей беру қарастырылмаған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов сарбаздардың денесі қысқа мерзімде тұрғылықты жерлеріне жеткізіліп, туыстарына табысталатынын мәлімдеді.

Видео: Азамат Сәрсенбаевтың Instagram парақшасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0