$ 441.89 € 502.56 ₽ 5.19

«Қазақстан мен Қытай – екі дос»: Тоқаев екі ел арасындағы қарым-қатынас туралы айтты

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытаймен мәңгі достық байланыстарын нығайтуға баса мән беріп отырғанына назар аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ. Қос халық өзара сыйластық пен қолдау аясында көп жыл бойы бірге өмір сүрген. Ал қазіргі тұрақсыз, бұлдыр заманда Қазақстан мен Қытай сенімді серіктестер ретінде қоян-қолтық бірге әрекет етіп, сан алуан сын-қатерлерге тойтарыс беруі керек. Қытай тілінде мынадай мағыналы мақал бар:人心齐,泰山移, яғни: «Біз бәріміз біртұтас болсақ, биік Тайшань тауын да орнынан қозғай аламыз». Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ойдағыдай жүзеге асырады деп сенемін, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0