Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалады.
Air Astana компаниялар тобы Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде аман қалған және қаза тапқан әскери қызметшілердің жақын туыстарын тегін тасымалдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
— Air Astana компаниялар тобы қаза тапқан және аман қалған әскери қызметшілердің жақын туыстарына, сондай-ақ Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшілердің өздеріне авиабилеттер ұсынады, — делінген әуе компаниясының хабарламасында.
Билеттер 25 қыркүйектен 3 қазанға дейінгі кезеңде орындалатын компаниялар тобының кез келген ішкі рейстеріне ұсынылатыны хабарланды.
— Жақын туыстарына ата-аналар, ерлі-зайыптылар, балалар, сондай-ақ туған аға-інілері мен апа-сіңлілері жатады. Брондау кезінде туыстығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет, — деп хабарлады Air Astana.