$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Маңғыстаудың Бейнеу ауданында бір түнде ұсақ мал қырылып қалды (ВИДЕО)

Мамандардың айтуынша зертхана қорытындысы он күннен кейін шығады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында ұсақ мал қырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

28 қыркүйек күні әлеуметтік желіде Бейнеу ауылындағы «Бейнеу Су Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы жиналған судан су ішкен қойлар өліп жатыр деген ақпарат тарады. Бейнеу ветеринария станциясының және аудандық аумақтық инспекциясының мамандары Бейнеу ауылы Аманжол шебер көшесінің тұрғыны Шағырбаев Аманжанның қорасындағы қойлардың белгісіз аурудан өлгенін анықтады. Қазіргі уақытта зертханаға аталған су қорынан және өлген қойлардан сынама алынып жолданды.

Мамандардың айтуынша зертхана қорытындысы он күннен кейін шығады. Өлген қойлар ветеринариялық талапқа сай арнайы биошұңқырға жиналып өртелді. Қораға дизенфекция жасалды. Тірі қалған қойлардан жұқпалы аурудың белгілері табылған жоқ.

Тиісті мамандар айналысып жатыр. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0