06.10.2026, 15:15

Каспийдегі қайғылы жағдай: Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы қамауға алынды

Фото: Казинформ

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков Каспийдегі әскери өлімге қатысты қамауға алынды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбековті қызметке салғырт қарады деген күдікпен ұстады. Сот оның қамауға алынуына санкция берді.

Ниязбеков 3 қазанда қызметінен босатылған. Тиісті өкімге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған.

Бұған дейін, 27 қыркүйекте Мемлекет басшысы әскери оқу-жаттығуға дайындық кезінде Әскери-теңіз күштері басшылығының әрекетіне қатысты мәселе көтерген болатын.

«Неліктен оқу-жаттығуда Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болған жоқ? Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық қалыпты жағдайға айналды», – деген еді Тоқаев.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.